ТКШ

Прокурорлар көктемгі тасқынға қарсы шараларды бақылауға алды

 

 

 

 

Қадағалаушы орган қызметкерлері нәтиже көңіл көншітерлік емес дейді. Қаланың шеткі аудандары   қардан арылмапты. Кей орталық көшелерде де қар сыртқа шығарылмаған. Көпқабатты үйлер мен мемлекеттік нысандардың бір де бірінің шатырынан қар түсірілмеген екен. Суағарлардың да тазартылып жатқаны байқалмайды. Сондықтан уақыт күттірмейтін бұл шараны тездетпесе төтенше жағдайлардың орын алуы әбден мүмкін. Прокурорлар осындай шарасыздықтан тұрғындардың денсаулығы мен мүлкіне қауіп төнетін болса,  кінәлілер жауапқа тартылатынын ескертеді.  Ережені ескермеген жеке тұлға әкімшілік кодекстің 387-ші бабына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал бұл талапты орындамаған заңды тұлғаға 50- ден 100 АЕК мөлшерінде айып салынады. Төтенше жағдайлардың алдын алуға әрекетсіздік танытқан азаматтың кесірінен адам өміріне қауіп төнген жағдайда қылмыстық іс қозғалады.  

 Жеңіс Ермұқанов