Әр түрлі

Жемқорлыққа қарсы жаңа бөлім



 

Қызметтеріне жақында кіріскен аталмыш бөлім жұмысын БАҚ арқылы сенім телефондарын таратып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайында мақалалар жариялаудан бастапты. Өйткені  жемқорлық – күш біріктіре отырып жұмыла күресетін ғаламдық проблема дейді мамандар.

Аслан Тәліпов, СҚО Салық департаментінің ведомстволық бақылау бөлімінің бастығы:
– Жемқорлықпен күрес мемлекеттік басқару органдары үшін көкейтесті мәселелердің бірі. Өйткені ол мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді, экономикаға кері әсер етеді. Бөлімнің мақсаты – алдын алу шараларын өткізу.

Еске сала кетер маңызды жәйт, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер мен жеке тұлғалар табыстары мен мүлігі жөнінде жыл сайынғы декларациясын тапсыруға асыққаны жөн. Соңғы күн –  наурыздың 31-і.

Аслан Тәліпов, СҚО Салық департаментінің ведомстволық бақылау бөлімінің бастығы:
– Заңға сәйкес белгілі себептермен қызметтен босатылған тұлғалар одан кейінгі 3 жыл ішінде де табыстары жайлы декларацияны салық органына ұсынып отыруы міндетті.

Тиісті құжаты расталмаған мәліметтер арқылы немесе толық емес түрде ұсыну тұлғаларды жұмыстан шығаруға негіз бола алады. Немесе 100 айлық есептік көрсеткіштен 150-ге дейінгі мөлшердегі айыппұл арқылы әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.

Кәусар Аяпбергенқызы