Қоғам

Тәуелсіздік – қазақ елінің ең басты құндылығы

 

 

 

Тәуелсіздік – қазақ елінің ең басты құндылығы. Бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Ұлтымыздың асқақ рухының жеңісі – егемендіктің жемісін көру бақыты бүгінгі ұрпаққа бұйырды. Жас мемлекетіміздің шыққан белесі мен толағай табыстарына куә болдық. Елімізді дүние жүзі таныды. Қазақстан деген ел, қазақ деген халық бар екенін білді. Әйткенмен, тәуелсіздіктің ең басты жемісі – ұлттық келбетімізді сақтап қалдық дейді “Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы” облыстық филиалының төрағасы Сағындық Салмұрзин. Еркіндіктің ақ таңы атқалы дініміз де, тіліміз де еңсе көтерді. Салт-дәстүрімізді сақтап қалдық. Атажұрттан шетте жүрген ағайынды құшақ жая қарсы алдық дейді “Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы” РҚБ облыстық филиалының төрағасы Сағындық Салмұрзин.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған. Еліміздің татулық пен келісімінің берекелі бекетіне айна­луы­на Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді. Бірегей ұйымды құру арқылы біз ұлттық бірліктің дербес жолын тап­тық. Қазақстанның тағылымды тәжірибесі бүгінде халықаралық қауымдастықтың ерекше қызығушылығына ие. Қазақ халқы жүзден астам ұлт өкілін бауырына басып, ортақ шаңырақ астында тату күн кешуде. Бүгінгі таңда өзге ұлттың қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын тануға деген қызығушылығы артқан. Бұл бағытта “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағартушылық орталығы бірқатар жұмыстарды қолға алған. “Этноауыл” жобасы әзірленді. Халқымыздың қолөнерін дамыту да айырықша назарда.  Ал жуырда орталық жанынан ашылған философиялық-методологиялық “Намыс” клубы ұлттық құндылықтарды қадірлеу ісін қолға алмақ.

 
Айымгүл Әбілева