Білім

Тәрбиешілер тәжірибе алмасты

 

 

 

 

Курсқа аудандық шағын орталықтардың әдіскерлері жиналды. Барлығының да балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Алайда білім жолындағы ізденістің еш уақытта артық болмайтынын олар жақсы түсінеді.

Айнагүл Әлмішева, СҚ педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері:
 -Дидактикалық ойындар көреміз, судағы ойындарды бізге көрсетуге тырысады. Бүгін жақсы сабақты көріп,  тәрбиешілер көп білім алады, өз ауылындағы мекемелерге барып, жақсы жұмыс істейді деп ойдамыз.

«Мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыстың заманауи ыңғайларын табу» атты курс екі кезеңде өтеді. Бір апта бойы теориялық білімдерін толықтырған 28 педагог енді білген-түйгендерін тәжірибеде қолдануы тиіс.

Алтын Сейітова, «Ақ бота» балабақшасының директоры:
– Қазіргі таңда мектепке дейінгі балабақшаларға өте көп көңіл бөлінуде. Ол тәрбие жұмысы, ол денсаулыққа байланысты. Мінекей осындай жоспарлармен бүгінгі қонақтарымызды қарсы алып, өз тәжірибемізбен бөлісудеміз.

«Ақ бота» балабақшасының 14 тобында 28 тәрбиеші бар. Қазақ тілі мен шет тілінен –  екі-екіден және орыс тілі, дене тәрбиесі, музыка пәндерінің мұғалімдері жұмыс істейді. Сондай-ақ, балдырғандар логопед, психолог және хореографтың қызметіне жүгіне алады. Мамандар көп жылдық еңбегінде қолданатын әдістерімен бөлісуге әрдайым әзір. Сандуғаш Садықова Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосындағы шағын орталықта тәрбиеші болып жұмыс істейді. Тәжірибелі әріптестерден тәлім алуды жөн деп есептейтін жас маман пайдасы зор шараға қатысып отырғанына разы.

Сандуғаш Садықова, «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі, Уәлиханов ауданы:
– Өзімнің шағын орталығым «Балапанға барып, осы тәжірибелерді әрі қарай қолданып, дамытуға дайынмын.

Өзге тәрбиешілер де курстың жұмысымызда пайдасы зор деп отыр.

Айдана Демесінова