МТРА жаңалықтары

Салық саласындағы өзгерістер

 

 
 Бұрындары жеке табыс салығы бухгалтерия орналасқан жерде аударылатын. Ал әлеуметтік салық аумақтық бөлімшелердің орналасуына қарай төленді. Енді салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес  екеуі де  орталықтандырылған бухгалтериядан  облыс бюджетіне өткізілуі тиіс.

Аслан Ілиясов, СҚО бойынша салық департаментінің   жетекші маманы:
-Бұрындары әлеуметтік салықты аудандағы басқармалар өздері аударатын еді. Енді бұл жұмыс салық агенті, яғни орталық бухгалтерия қайда орналасса, сол жерден өткізіледі. Яғни әлеуметтік және жеке кіріс салығы бір жерден тапсырылады.

Алайда салық кодексіндегі өзгерістің тиімсіздеу жақтары да бар. Оның бірі – аудандық бюджет әлеуметтік салық төлемінің бір бөлігінен айырылатын болды. Соған қарамастан, орталықтандырылған  бухгалтерия тиімді деп отыр салықшылар.

Серік Жансейітов, СҚО бойынша салық департаменті қаржы басқармасының бастығы:
Қаржының бәрі облыстық қазынаға түседі. Сондықтан бәрін бірақ аударған дұрыс. Бұл біздің ісімізді жеңілдетеді. Аз уақытта аударып, бақылауды күшейтеді.