Президент сайлауына әзірлік

Билік

17:31 28 Ақпан 2011

 
Облыстық сайлау комиссиясы жұмыс жоспарын бекітіп, алдағы үлкен науқанға даярлықты бастаған. Бұл күндері облыста азаматтардың тізімдері нақтыланып жатыр. Жалпы өңірімізде 400 мыңнан аса сайлаушы бар. Сайлау комиссияларының мүшелері сәуірдің 3-і іссапарға жүретіндерге алдын-ала хабарлау керектігін де ескерте бастаған. Президент сайлауы- ел үшін маңызды шара. Мұқият дайындықты талап етеді. Аудандық, ауылдық сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар -кеңестер ұйымдастырылған.


Асқар Сақыпкереев,  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:


Асқар Сақыпкереев,  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Көп мүшелерін ауыстырғанбыз. Сондықтан көп оқыту, үйрету керек.

Облыс аумағында 755 учаскелік, 13 аудандық, 1 қалалық және өңірлік сайлау комиссияларының жұмысы ұйымдастырылған. Барлығына ақпараттық -көрнекілік құралдар жеткізіліп жатыр.

Асқар Сақыпкереев,  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Барлық комиссиялар наурыздың 3-нен бастап тұрақты түрде жұмыс істейді. Үгіт жұмыстары да үші басталады. Сәуірдің бірі күні 24 нолде бітуге тиісті.  Орталық сайлау комиссиясы әзірге екі кандидатты тіркеген. Тағы екеуін қарауға алған.

Әсем Рахметова