Спорт

“Солтүстік жұлдызы”

 

 

 

 

Ойын барысында Павлодар, Қостанай және Петропавлдың 12 -13 жас аралығындағы спортшылары бақ сынасады. Өкінішке қарай Қарағанды, Зеренді, Көкшетау, Ишим мен Омбы  футболшылары түрлі себептермен жарысқа келе алмаған. Кездесулер “Жастар” стадионы мен қаладағы спорттық залдарда өтеді. Айналма жүйеге сәйкес ойыншылар 20 кездесудің 10-ын өткізген. Бүгінгі мәліметтер бойынша турнир кестесінің басында павлодарлық “Ертіс-99” командасы тұр. Екінші орында да Павлодардың “Ертіс-98” командасы. Үшінші және төртінші бағанда футболдан балалар мен жасөспірімдерге арналған жергілікті спорт мектебі жайғасқан. Турнир кестесін қостанайлық “Тобыл” командасы тұйықтайды. Алайда чемпион титулының иегерін болжауға әлі ерте дейді сайыс төрешісі Сергей Каракчеев. Жарыс нәтижесі ақпанның 27-де белгілі болмақ. Жеңімпаздар кубок және сыйлықтармен марапатталады. Ең үздік ойыншы, қақпашы мен шабуылшылардың есімдері де сол күні анықталмақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы