Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері»

Құрылғылар 3 дәрежеге бөлінген. Біріншісі – жылу терапиясы деп аталады.

Сергей Примаков, ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– «Фея» деп аталған құрылғы ринит, кеңсірік ауруы, тонзиллит, фронтит ауруларын емдеуге арналған. Ал «Теплон» – жылу терапиясының кешеніне жатады. Мұнда бірден жылытуға арналған 6 элемент бар. Оның біреуі «Феядағы» сияқты жоғарыда аталған дерттерді емдейді.

Одан басқа “Теплонмен” құлақ ауруын емдеуге де болады. Ал қыздыратын 4 тілімді бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда қолдануға  жақсы. Ол кішкентай балаларды емдеуге де жарамды. Терінің ерекшелігіне қарай 3 режимдегі температураның қажеттісін таңдау қажет. Құрылғылардың екінші дәрежесі магнит терапиясы.

Сергей Примаков, ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– Ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер ететін «Магафон» құрылғысы акустикалық тербеліс әсері сияқты қолданылады. Мұндай ем тірек-қимыл жүйесін, шораяқ, шорбуын, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, сонымен қатар кеуде ауруларына жақсы. Келесі құрылғы «Алмаг – 1» деп аталады.

“Алмаг” та тірек-қимыл жүйесін, жүрек, қан тамырлар, невралгия, асқазан-ішек жолдарын, тамыр кеңеюі, тромбофлебит сияқты қауіпті дерттердің алдын алу үшін шығарылған.

Сергей Примаков, ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
 – Қолданылу аясы тар құрылғының бірі – “Мавит”. Ол ер адамдардың простатит, 1,2 дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал.

28 ақпанға дейін жалғасатын көрме барысында құрылғылар зауыт бағасымен сатылады. Елатом аппараттарын Пушкин көшесііндегі 67- үйде орналасқан «Мир Фарма» дәріханасынан табуға болады. Байланыс телефоны 49-25-60.

Кәусар Аяпбергенқызы