Құқық қорғау органдары

Шаян уылдырығын заңсыз аулап, басы істі болды

 
 «Артемия салина»  – тұзды көлдерді мекен ететін шаян. Оның жұмыртқасы аквариумдағы балықтар үшін таптырмас азық, келісі 5 мың теңге шамасында.

Әдетте биоқоспа ретінде сатылады. Құқық қорғаушылар Меңкесер ауылы тұрғынының қорасындағы осындай 87 қап биоқоспаның үстінен түсті. Ұсталған тұрғынның айтуынша, жұмыртқа өткен жылдың қараша айында танысының өтініші бойынша дайындалған. Тәркіленген «Артемия салина» шаяны жұмыртқасының жалпы салмағы 3 955 килограмм. Бұл факт бойынша сараптама тағайындалды. Мемлекетке шамамен 479 мың теңге материалдық шығын келген.  Жалпы жыл басынан солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары табиғат  қорғау заңнамасын бұзудың 52 фактісін әшкереледі. Оның ішінде заңсыз аңшылықтың –  32, ағаш кесудің -13 және балық аулаудың  7 фактісі тіркелген.

 

 

Әсем Рахметова