Ауыл шаруашылығы

Мемлекет несиесі – агроқұрылымдарға

 

 

 

Ең бастысы, биыл несиелеу шарттары өзгерді. Ауыл шаруашылығы товарөндірушілері үшін  несие ставкасы  5% дейін кемітілді.  Өткен жылы 8%  болатын.

Серік Ахметбеков, “Азық-түлік корпорациясы АҚ облыстық өкілдігінің бас сарапшысы:
Биыл  несие алғысы келетіндер көп. Бұл тиімді қаржы және ұзақ мерзімге беріледі. Бұл бағдарламаға шағын шаруа қожалықтары  да, «Алиби», «Казэкспортастык» и «Богви» сияқты инвестор-фирмалар да қатысуда. .

Аграрийлерден  бүгінде 1 млрд 60 млн теңгеге өтініш түсті. Жалпы бағдарлама бойынша солтүстікқазақстандықтарға  несиеге 12,5 млрд теңге мөлшерінде  бөлінген. Салыстырар болсақ, 2010 жылы біздің облыс 5,5 млрд теңгені игерген болатын.  Мақсатты қаржының жұмсалуы Азық-түлік корпорациясының бақылауында болады.  

Серік Ахметбеков, “Азық-түлік корпорациясы” АҚ облыстық өкілдігінің бас сарапшысы:
 – Қаржы жанар-жағар май сатып алуға, еңбекақы төлеуге, агротехникалық шараларға жұмсалады.  

Көктемде екінші бағдарлама жүзеге асырыла бастайды. Оның шарты бойынша шаруалар алған несиесін қараша айында 3 класты бидаймен қайтаратын болады. Есеп айырысу нарықтық бағамен.