Әр түрлі

Құрылысқа құйылған қаржы көбейіп келеді

 

 

 

 

Біздің қаламызда 10 жыл ішінде  ауданы 455 мың шаршы метрді құрайтын жер үй мен 5 мың пәтер салынған. Бұл тұрғызылған баспаналардың 86 пайызы 2005 пен 2010 жылдар аралығында бой көтерген. Құрылыстың мұндай қарқын алуына «Тұрғын үй құрылысы»  мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы оң әсер еткен. 2001 жылы тұрғын үй салуға бағытталған қаржы көлемі негізгі  капиталға бөлінген қаражаттың 2,1 пайызын құраған еді. Өткен жылы ол көрсеткіш 14,7 пайызға өскен. Айту керек, 2010 жылы  қалада 63 268 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл мақсатқа  2793,2 млн теңге көлемінде қаржы құйылған. Бұл сома 2009-бен салыстырғанда 130,5 пайызға артық.

Гүлден Сәрсенбаева