ТКШ

Жаңа апаттық қызмет құрылды

Қалалық әкімдіктің тапсырмасымен жаңадан құрылған апаттық жөндеу қызметінің диспетчері Надежда Гребенщикова тәулік бойы кезекшілік атқарады. Ол бүгін жәрдем сұрап қоңырау соққан кезекті  тұрғынның өтінішін қабылдады.

  Надежда Гребенщикова, “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” КМК жанындағы апаттық жөндеу қызметінің диспетчері:
– Тапсырыстар күні-түні түсіп жатады. Әсіресе күндізгі уақытта. Бұл жолы жертөледегі ыстық су құбыры жарылып, істен шығыпты.

Надежда – апаттың шыққаны жайлы бригадаға хабарлады. Дәнекерлеуші, темір ұста мен газэлектрик бірден ақау шыққан құбырды қалпына келтіруге аттанды. Бригаданы тасымалдайтын көлікте коммуналдық-инженерлік желілердің кез-келгенін қалпына келтіруге қажетті барлық  құралдар бар.

 Анатолий Кравченко,  “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” КМК жанындағы апаттық жөндеу қызметінің учаскелік шебері:
– Біздің қызметіміз  – орын алған апатты жылдам ауыздықтау. Біз жұмысты сапалы етіп орындаймыз. Себебі бір келген жерге қайта оралмайтындай болуымыз керек. Әзірге бұндай келеңсіздіктер орын алған жоқ, болмайды деп сенемін. Ол үшін тәжірибелі мамандар да, қажетті жабдық та бар. Көмек көрсеткен адамдар алғыстарын айтып жатады.  

Жалпы апаттық жөндеу қызметі жылу, ыстық және суық су желілері сыр берген жағдайда кез- келген уақытта көмекке келуге сақадай сай отырады.

 Қайрат Файзулин,  “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” КМК жанындағы апаттық жөндеу қызметі директорының орынбасары:
– Қала әкімінің шешімімен 1-ші ақпаннан бастап біздің мекемеде апаттық қызмет ашылды, тәулік бойы істейді. Диспетчер, бригадалар бар. Апат кезінде хабарлайды,  біз сол адреске шығып, көмек жасап, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Апаттық қызмет  әсіресе қалаға керек. Қыстың аязды күндері шақыру  көбейеді. 

Апаттық қызметтегілер демалыс күндері де жұмыс істейді. Баспана ішіндегі коммуналдық желілер істен шыққан жағдайда петропавлдықтар 109 немесе 39 -12-58 нөміріне қоңырау шалып, жөндеу тобын шақырта алады.

Жеңіс Ермұқанов