Мәдениет

Олег Митяевтің Петропавлдағы концерті

 
Олег Митяев Петропавл сахнасында алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

Соңғы рет гастрольдік сапармен Қазақстанға 20 жыл бұрын келген екен. Қала халқы өнер майталманын тағатсыздана күткен көрінеді.
Концерт барысында тыңдармандардың хатын оқу – әдетке айналған. Аз уақыт аралығында арнайы қорапта хаттар үйіліп қалады. Олардың қатарында сезімдерін білдіріп жатқандар да болды. Сахнада Олег Митяев және оның көмекшісі Родион Марченко. Екеуі әр түрлі композицияларды орындауда. Бұл шын мәнінде дастарқан басындағы шағын концертке ұқсайды.  Антракт уақытында көрермендер осы кеште алған әсерлерімен бөлісті.

Көрермендер:
Мен ол туралы бұрыннан естігенмін. Ол маған бұрыннан ұнайтын. Концерт жақсы өтті.
Мен Олег Митяевтің концертіне Көкшетаудан келгенмін. Оның шығармашылығы мені қатты қызықтырады. Сөзі, әуені шедевр десек, артық болмас
Жақсы әсер алдым. Маған ұнады. Оның әндерін үлкен сүйіспеншілікпен тыңдаймын
4. Тамаша концерттің куәсі болдық. Келгені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Шынымды айтсам, оның келгені мен үшін күтпеген жағдай болды
.

Айдана Демесінова