Бизнес және экономика

Қаңтар айының статистикалық мәліметтері

 

 

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсіп, 4,7 млрд. теңгені құраған. Өңіріміздің өндірістік кәсіпорындары 7 млрд. теңгенің өнімін өндірген.  
Ал ауыл шаруашылығы тауарының жалпы көлемі 5 млн. теңгені құрап отыр.  Жаңа жылдың алғашқы айында облыста 11 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның үшеуі – тұрғын үй, сегізі – өзге мақсаттағы нысандар. Петропавлда 248 шаршы метр баспана халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхана, астық қоймасы, гараж және дәріхана пайдалануға берілді.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады. Басымдық ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтарына берілген. Тағы бір айта кететін жәйт, жолаушы тасымалдаушылар үстіміздегі жылдың бірінші айында 3,2 млн. тонна жүк жеткізіп, 30,9 млн. адамға қызмет көрсетіпті.

Айымгүл Әбілева