Билік

Талшықта 22 колонка салынады

 

 

 

 

Талшық селосының орталығы өткен жылы “Жол картасының” арқасында қалпына келген-ді. Ендігі жұмыс шеткі ауданға ығысты. Бұнда ауыз су проблемасы осы күнге дейін күрделі болып еді.

Азамат Шегебаев, Талшық селосының тұрғыны:
Бестеректе бізде бір ғана колонка болатын.

Енді бұл ауданға 22 колонка орнатылмақ. Бұл
мақсатқа 38 миллион теңге жұмсалады. 3,8 шақырым су құбыры тартылуы тиіс.

Азамат Байбейісов,“ДСК Жилмассив” ЖШС өкілі:
14 әкімшілік ғимаратты су жүйесіне қосамыз. Жоспарды қараша айында аяқтауымыз керек еді, алайда біз қыркүйекте тапсыруға дайынбыз. Өйткені жұмыс күші жеткілікті. “Жол картасы” бойынша 51 адамды еңбекке тарттық.

Жұмысшылардың
бәрі осы Талшық ауылынан. Сайлау Әлімжанов та өзінің туған селосын дамытуға атсалысқан екен.   

Сайлау Әлімжанов, “ДСК Жилмассив” ЖШС бригадирі:
алақым 20 мың. Ақшасы жақсы, бұрын жұмыс болмайтын. Енді “Жол картасы” пайда болды.

Жалпы ауданға биыл “Жол картасы” бойынша 86 миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға үш мектеп, ауыл клубы, спортзал мен Талшықтағы жолдар жөнделмек.

Хабиболла Омаров, Ақжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы:
үгінгі таңда бар жұмыстың 34 пайызы орындалды.

Тимур  
Әбдрешев