Құқық қорғау органдары

Үздік полиция пункті – Петропавлда

Үздік полиция пунктін анықтауда алдымен сол аумақта орын алған қылмыстар саны, олардың ашылуы, ішкі істер бөлімшесінің материалдық жағынан жарақтандырылуы есепке алынған. 18,5 шаршы километр аумақты бақылайтын 12-ші пункттің полицейлері осы талаптар бойынша жақсы нәтиже көрсеткен. Шухов көшесінен Солнечный кентін қоса алғандағы аумаққа Борки, Кірпішті кенттері, 19-20 шағын аудандар кіреді. Аса тыныш аудандар емес.

  Вадим Яценко, Петропавл қалалық ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы:

 

-Өткен жылы 147 қылмыс жасалған, 51-і ашылған. Ауыр, аса ауыр қылмыстардың барлығы ашылды.

Мұндағы жұмыс уақыты таңертеңгі тоғыздан кешкі 11- ге дейін. 5 учаскелік, 3 жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторлар, 3 жедел қызметкер осы аумақтағы тыныштықты сақтауға атсалысады. Оларға ішкі істер органдарының ардагерлері мен еріктілер көмек көрсетіп тұрады. Әрине, білікті полицей өз жұмысын, өз ауданын жақсы білуі керек. Ұзақ жылдар осы пунктте қызмет етіп жатқан Григорий Дроздов ең алдымен тәжірибе керектігін айтады.

  Григорий Дроздов, № 12 учаскелік полиция пунктінің инспекторы:

-1999 жылдан бері істеп жатырмын. Есепте тұрған адамдардың барлығын білемін. Мысалы, біреу звондаса, мен сол ауданға барсам сол аудандағы есептегілерді білемін.

Бұл аумақ бойынша 609 адам арнайы есепте тұр. Әр маусымда ұрлықтың түрі өзгеріп отырады. Қыста көліктегі заттарды ұрлаушылар көбейсе, көктемге қарай саяжай тонаушылар бас көтереді. Соңғы жылдары ауданда тұрмыстық қылмыстар азайған. Полицейлер оны алдын алу шараларының нәтижесі деп түсіндіреді.

Әсем Рахметова