Балалар

“Өзін -өзі тану” пәнінен ашық сабақ

 

 

 

 

 

 Көпсалалы колледж ұйымдастырып отырған бұл шара өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп отыр. Мұнда басты назарда аталмыш оқу ордасының тәрбиеленушілері емес, № 2 мектеп пен тірек-қимыл жүйесі зақымданған мүгедек-балаларға арналған бейімделу және оңалту тәжірибелік орталығының оқушылары. Жиылған жұртшылық осы балалардың өнеріне тәнті болды. Сахнада өз өнерін көрсеткен балдырғандардың бірі – Ерболат Әшімов. Жуырда ғана мектеп бағдарламасына енгізілген “Өзін-өзі тану” пәні Ерболаттың көңілінен шыққан. Оқушы жаңа сабақтың рухани азығы мол екендігін айтады.

  Ерболат Әшімов, тірек- қимыл жүйесі зақымданған мүгедек балаларға арналған бейімделу және оңалту эксперименталды орталығының оқушысы:
-Көпсалалы колледжге бізді бүгін шақырды ашық сабаққа. Осы сабақ бізге бір-бірімізге ашық болып, бір-бірімізге жақсы істер істеуге көмектеседі. Жақсы адам болып өсуге көмектеседі. Сара Алпысқызына рақмет, осындай іс істегеніне. “Өзін-өзі тану” сабағы жақсылыққа, мейірімділікке үйретеді .

Колледж қабырғасында түрлі шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Алайда  Сара Алпысқызының бастамасымен қолға алынған “Өзін-өзі тану” пәні бойынша ашық сабақ алғаш рет өтуде.

Айғаным Бейсенбаева,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ көпсалалы колледж директоры:
– Шараның мақсаты – балаларға қайырымдылықпен қарау, оқушыларды, студенттерді, басқа да өзінен кейін келе жатқан өскелең ұрпақты тәрбиелеуге шақыру.

 “Өзін-өзі тану” пәні 2010 жылдан балабақша, мектеп және басқа да білім ошақтарының оқу бағдарламасына енгізілді.  Ал  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де осы жылы “Өзін- өзі тану” мамандығы ашылған екен.

Айдана Демесінова