Энергетика

Жаңа абоненттік орталық

 

 Солтүстік Қазақстан энергоорталығының жаңа абоненттік учаскесі Сәтпаев көшесіндегі он жетінші үйде ашылды. Бұл Петропавлда коммуналдық төлемдер қабылдайтын үшінші бөлімше. Абоненттік учаске тұрғындардың өтініші бойынша ашылып отыр. Бұл мәселе жергілікті атқарушы биліктің халықпен кездесуінде бірнеше мәрте көтерілген болатын. Бензострой, Жұмысшы кенті, Вокзал аумағы және Колхоз базары аудандарының тұрғындары үшін Жұмабаев көшесіндегі энергоорталықтың бас кеңсесіне жету қиындық туғызады.

  Валентина Слепнева,  “Ахременко,2”  ПИК төрайымы:
Бұл абоненттік учаскенің ашылғаны біз үшін өте ыңғайлы. Коммуналдық қызмет үшін төлемақыны Билайн арқылы лақтыратынбыз. Немесе бас кеңсеге алысқа баруға тура келетін. Енді жақсы болды.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Абоненттерге барлық жағдай жасалыпты.

  Еділ Көпенов,  “Солтүстік Қазақстан энергоорталығы” ЖШС директоры:
Төлемақыларын төлейді, басқа да сұрақтар болса осында келіп шешуге болады.

Учаске бастығы, 3 кассир, 12 бақылаушы – барлығы бұл жерде жиырмаға жуық адам еңбек етеді.

  Наталья Петрова,  “Солтүстік Қазақстан энергоорталығы” ЖШС кассирі:
Біз жұмыс істеуге дайынбыз. Жалпы бұл учаске халық көп шоғырланған аудандардың бірі. Тұрғындар енді алысқа бармай -ақ еш қиындықсыз осы жерде төлем жасай алады.  

Үшінші абоненттік учаскеде 23 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі.

Айымгүл Әбілева