Құқық қорғау органдары

Ірі көлемде есірткі сатушы ұсталды

 

 

 

 

 
Пакетке салынған есірткінің қара базардағы құны 1 миллион теңгеден асып жығылады. Сезіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылған

  Ермек Тәтібаев,  СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
– Петропавл қаласының тұрғыны гашиш есірткісін облыс орталығында сатып таратқысы келіп жүр деген жедел ақпарат келіп түсті.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аталған адамды ұстадық. 

42 жастағы күдікті ДСР ауданындағы өз үйінің ауласында құрықталды. Алайда ол  есірткіні тауып алдым деп ақталыпты.

 Ермек Тәтібаев,  СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
-Қазіргі уақытта бұрын сотталған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамауға алынды.

5 килограммға жуық гашиш – жыл басынан заңсыз айналымнан тәркіленген есірткінің ең ірі көлемі болып табылады.

Айдана Демесінова