Құқық қорғау органдары

Браконьерлер ұсталды

Рейд кезінде тәртіп сақшылары Мағжан Жұмабаев ауданы Зарослое селосының маңында Суворов орман шаруашылығының аумағында “Уаз” маркілі көлікті тоқтатқан. Машинаны тексеру барысында ет толтырылған екі қап, қару және шаңғы табылды. Бұл мүліктердің иесі жолаушылардың бірі – Булаев қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның тек бір қоян мен бір түлкіге аңшылық жасауға ғана құқығы бар екен. Ол көлікте отырған үш досымен бірге аңшылыққа шыққан. Қазірде ұсталған азамат ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе шешіліп жатыр. Айту керек, сібір елігін атқаны үшін салынатын айыппұлдың өзі 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Айымгүл Әбілева