Білім

Студенттер Жолдауды талқылады

 Бүгін Елбасының кезекті жолдауы саз-педагогика факультеті белсенділерінің басын қосып отыр. Білім ошағының студенттері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген барлық басымдықтарға тоқталып, сараптама жасады.

 Гүлжазира Омарова, саз-педагогика факультеті деканының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
-Дөңгелек үстелдің мақсаты – тек қана студенттердің не болмаса педагогикалық ұжымның, оқытушылардың жолдауды талқылауы ғана емес, сонымен қатар өздеріне бір ой түю. Жолдаудың белгілі  бір бөлімін талдау, категорияларын бөліп көрсету, қандай мәселелер талқыланды, солардың барлығын барлық қауымға түсінікті тілмен жеткізу болып табылады.

Саз-педагогика факультетінде мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауын талқылаудың әдісі өзгеше. Мұнда 9 спикердің әрбірі жолдаудың белгілі бір бағытына тоқталады. Сарапшылар тобы талдау  жасап, кейін қатысушылардың барлығы бір шешімге келіп, ұсыныстарды таразылайды. Дөңгелек үстел білім беру мекемесінде ұйымдастырылғандықтан Жолдаудағы білім беру мәселесі басты назарда болды.

  Гүлжазира Омарова , саз-педагогика факультеті деканының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
-Біз университеттің оқытушылары болғандықтан, университетте оқитын студенттер болғандықтан ең басты назарда әрине білім беру саласы, бұл ғылым саласы. Жалпы12 жылдық білім беруге біздің студенттердің кәсіби дайындығы.

Алтынай  Байбосынова әлеуметтік салаға кеңінен тоқталды. 2-курс студенті тәуелсіздік алғаннан бері жеткен толағай жетістіктеріміз мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесі екенін айтады.

  Алтынай Байбосынова,  СҚМУ студенті:
-Биылғы жолдауда біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев 3 аса маңызды бағдарламаларды бекітті. Олар –  білім беру, денсаулық және тілдерді дамыту. Дөңгелек үстелдің маңызы зор.

Айнұр Таймышева да қоғамдық шараларға үнемі қатысып отырады. Студент осындай дөңгелек үстелдердің жастарға берер пайдасы мол екендігін алға тартты.

  Айнұр Таймышева, СҚМУ студенті:
Студенттердің осындай танымдылығы мол шараларда бас қосуы дұрыс. Біз жыл сайын Президентіміздің жолдауын талқылаймыз. Жастар үшін бұл өте пайдалы деп ойлаймын. Өткені елдің болашағы жастардың қолында.

Жиын соңында 7 үздік спикер анықталып, арнайы мақтау қағаздарына ие болды.

Айдана Демесінова