Бизнес және экономика

Энергетиктер “Нұр Отанға” өтті

 



 

  Бүгінде Петропавлдағы  “2-ші  жылу- электр орталығында” 790 жұмысшы еңбек етеді. Алайда қалалықтарды үздіксіз жарықпен және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерінің бір де бірі әлі күнге дейін “Нұр Отан” партиясының мүшелігіне өтпеген. Энергетиктер бүгін бұл олқылықтың орнын толтырып, Елбасының салиқалы саясатын қолдап, жүзеге асыруға даяр екендіктерін білдірді.

  Игорь Татаров, “СевКазЭнерго” АҚ басқарма төрағасы:
Бұл біздің негізгі жұмысымыздан бөлек еліміздің қоғамдық саяси өміріне араласып, өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді. Біреу біздің өмірімізді жақсартады деп күткеннен гөрі өзің атсалысқан тиімдірек болады деп санаймын. Еліміздің бас партиясының мүшесі ретінде әрбіріміз өз ойларымызбен еркін бөліссек, ортақ тиімді шешімге келу әлдеқайда жеңілірек болады.

Партия мүшелерінің билеттерін “Нұр Отан” ХДП СҚОФ  төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Картов табыс етті.  Кәсіпорын басшылығы айына бір рет партияның облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізетін болады.

 Жеңіс Ермұқанов