Құқық қорғау органдары

«Барстың» көмегімен тағы бір қылмыс ашылды



Полицияға Индустриальный көшесінде тұратын Петропавл қаласының тұрғыны арызданып, теледидары ұрланғаны жайлы хабар берген. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен қызметтік іздеу итін жетектеген кинолог бірге шығады. Арнайы жаттықтырылған ит қылмыс орнында бірден бөтен иісті сезіп, із арқылы полицейлерді соңынан ертіп ала жөнелді.

  Евгений Сичков, СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығының инспекторы:
7 подъезден жүгіріп шыққан қызметтік ит осы үйдің 2-ші подъезіне бет алды. Есікті иіскеп алып ішіне кірді.  

«Барс»  деп ат қойылған төрт аяқты көмекшінің іздегені 2-ші қабаттағы пәтерден табылды. Бірден түкпірдегі  бөлмеге тарта жөнелген ит телевизорды тауып берді. Пәтерде сегіз бірдей адам қосылып, сайран салып отырған. Мас жігіттердің бұл үйде жиналып, арақ ішіп отыруы күнделікті көрініс екен. Теледидарды бұрын сотталмаған 19 жастағы петропавлдық жігіттің ұрлағаны анықталды. Сезікті пәтер иесінің есікті құлыптамай кетіп қалғанын байқап, жағдайды пайдаланып қалғысы келген. Дегенмен ұрлаған мүлікті сатып жіберу туралы ойы іске аспай қалды. Пәтердегілердің бәрі 1-ші полиция бөліміне жеткізілді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

 Кәусар Аяпбергенқызы