Энергетика

Тұтынушылар қарызын төлемей отыр

 

 

 

Пайдаланылған жылу мен электр энергиясына төлемді уақытында өтемегендердің қатарында “Петропавл су” АҚ, Петропавл ауыр машина жасау зауыты сынды кәсіпорындар мен әуежай бар. Соған қарамастан, қарыздың басым бөлігі облыс орталығы тұрғындарынікі. Қалалықтар 162 миллион теңгеден астам қарыздарын өз еріктерімен қайтаруға асығар емес. Сондықтан “СевКазЭнерго” орталығының басшылары борышкерлердің ақшасын сот орындаушылары арқылы өндіріп алуға мәжбүр болып отыр.

Жеңіс Ермұқанов