Спорт

Шаршы алаңға кикбоксшылар шықты

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған жарысқа 17 – 18 жасар 30-дан астам спортшы жиылды. Олардың ішінде Ресейдің Түмен қаласынан келген кикбоксшылар да бар. Қатысушылар салмақ дәрежесіне қарай 9 топқа іріктеліп, сынға түсті. Турнир 2 күнге созылды

  Нұрлан Әбдірахманов,  сайыстың бас хатшысы:
Көздегеніміз – салауатты өмір салтын насихаттау, кикбоксингтің таралуына ықпалдасу. Сондай-ақ облыстық құрамаға үздік кикбоксшыларды таңдап алу.

Александр Николаев М.Жұмабаев ауданының намысын қорғау үшін келген. Кикбоксингпен айналыса бастағанына 2 жыл. Жас спортшы сонымен қатар жекпе-жекпен де шұғылдануды жөн көрген. Өткен жылы Республикалық чемпионатта Александрдың сәл жолы болмапты. Бұл жолы дүбірлі додада жүлделі орын алатынына үміттеніп отыр.

  Александр Николаев, сайысқа қатысушы, М.Жұмабаев ауданы:
Қазіргі мақсатым – бұл жарыста 1-орынға ие болып, ҚР чемпионатына жолдама алу. Онда жеңіске жетуге бар күш-жігерімді саламын.

Сайыс жеңімпаздары наурыздың 1 – 6 аралығында Қостанай қаласында өтетін ҚР  чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Айдана Демесінова