Әр түрлі

Облыстың бір күні

 

 

 

 

 Мәселен, күн сайын дүниеге 24 сәби келеді екен. Ал азаматтық хал актілерін жазу орындарында 12 неке мен 5 ажырасу тіркеледі. Өңірімізге 13 адам келсе, оның ішінде 4-і  ТМД елдерінен, ал 1-і алыс-жақын шетелден ат басын бұрады. Солтүстікқазақстандықтар күніне 153 млн. теңгенің тауарын сатып алады. Ал кәсіпорындар 220 млн. теңгенің өнімін шығарады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 165 тонна ет пен 1 мың 608 тонна сүт, мыңнан артық жұмыртқа өндіреді. Күн сайын дүкен сөрелеріне 75 тонна нан, 6 тонна шұжық өнімдері, 72 тонна – макарон және 14 тонна – кондитерлік өнімдер түседі. Тағы бір айта кететін жәйт, жолаушы тасымалдаушылар күніне – 1 млн. адамға қызмет көрсетіп, 110 мың тонна жүктің жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Айымгүл Әбілева