Қоғам

Елбасы Жолдауы жұртшылық назарында

 

 

 

Өрт сөндіру және апаттық жағдайлардан құтқару қызметінің ұжымы қаңтардың 28-інде осы залға жиналып, Елбасының халыққа арнаған жолдауын тыңдаған. Болашақты бірге қалауға шақырған Президент бұл іске еліміздің әр азаматы үлес қосуы керектігін айтты. Қолға алынған қандай да бір әлеуметтік, экономикалық бағдарлама әр қазақстандыққа қатысты.

  Григорий Кухарь,  Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы :

Бұл Жолдаудың ерекшелігі мол. Құжат толықтай әлеуметтік салаға бағытталған. Өткен уақытқа сараптама жасалып, алдағы 10 жылға міндеттер нақтыланып отыр. Бұл тапсырмалардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Биылғы жолдаудың әлеуметтік саланы ерекше қамтығандығын ұзақ жылдар өрт сөндіру саласында еңбек етіп жүрген Ерік Мәжитов бірден байқаған. Мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, балабақша мәселесі, қолжетімді медицина – бұның барлығы Жолдауда қарастырылды.

  Ерік Мәжитов , СҚО ТЖД өрт сөндіру басқармасының бастығы:

аза ауыз су деген бағдарлама бар ғой. Осы бағдарлама бойынша, гидранттарға да су келсе, өрт кезінде ашатын болса.

Құтқарушылар тұрғын үй-коммуналдық саласын модернизациялау жоспары жүзеге асырылса, көпқабатты ғимараттардың біразын жөндеп алу мүмкіндігі туатындығын да айтады.

  Жанат Жүсіпов, СҚО ТЖД бөлім бастығы:

КСК лардың жұмысына онша риза емеспіз. Президент бұл жұмысты айтты. Алдағы уақытта үйлерді жөндеу жүзеге асырылады деп ойлаймын.

Ақпараттық-насихат тобы Жолдау әр азаматқа жеткізілуі керек деп санайды. Сондықтан бүгінде облыс орталығында 150 ақпараттық топ әр мекемені аралап, маңызды құжатты түсіндіріп жүр.

Әсем Рахметова