Құқық қорғау органдары

Бір топ тонаушы қолға түсті

 

 

 

 

 

Түнгі сағат 2 шамасында облыстық ІІД Жедел басқару орталығына 30 жастағы қала тұрғыны  хабарласты. Пушкин және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында төрт белгісіз  соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алыпты. Жасалған қылмыс туралы ақпарат бірден радио байланыс арқылы барлық полиция бағыттарына таратылды. Бұл мәлімет Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы экипажының құлағына да шалынған. Тәртіп сақшылары бір топ жігітті байқап қалып, шапшаңдық танытқан. Қаскөйлер қылмыс жасалған ауданға таяу жерде құрықталды. Сезіктілердің бірі тонау жасауға басшылық еткенін мойындады. Қолды болған ұялы телефон бірден иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полицияның айтуынша, жәбірленушінің дер кезінде 102 нөміріне қоңырау шалуы, қылмысты ізін суытпай ашуға себеп болған.

Айдана Демесінова