Билік

Жолдауға арналған актив жиыны

 

Биыл ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына қадам басып отырмыз. Осы уақытқа дейін талай асуларды бағындырдық. Енді алда бұдан да үлкен міндеттер тұр. Президент биылғы Жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің  даму бағыт-бағдарын айқындады. Маңызды міндеттер мен басымдықтарды белгіледі. Он жылда Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне жетуі керек. 2020 жылға дейінгі бас жоспар – индустриалдық- инновациялық бағадарлама жалғасын табуы тиіс. Елді индустрияландыру бағытында өткен жылы бастау алған жұмыс бүгінде жемісін беріп отыр. Бағдарлама аясында облыста 2014 жылға дейін 13 жоба жүзеге аспақ. Екі жарым мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. Елбасы мықты мемлекет құрудың басты шарты – қуатты бизнес екендігін айтты. Бұл қағиданы қаперге ала отырып, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуіміз қажет деді өңір басшысы. Әкімшілік кедергілерді азайту шарт. Серік Біләлов аудан әкімдеріне ауылды индустрияландыру және елді мекендегі бизнесті қолдау мәселесіне айырықша көңіл бөлуді тапсырды.
Осы тұста ауыл шаруашылығын дамытуда зор мақсат-міндеттер қойылып отыр. Ет экспортын жолға қою бағытында ауқымды жоба қолға алынбақ. 2016 жылға қарай бұл көрсеткішті 60 мың тоннаға жеткізу межеленген. Біздің облыста асыл тұқымды мал өсіретін 6 шаруашылық құру – келешектің жоспары. Бұл бір жарым мың қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 330 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Осылайша бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2020 жылға қарай төрт есеге өспек.
Президент биыл да өз Жолдауында әлеуметтің әлеуетін көтеруді басым бағыт ретінде атады. Алты бағытты айқындап берді. Білім жүйесіне көп көңіл бөлінді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге байланысты жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін мақсат-міндеттерді айқындады. Тағы бір маңызды жұмыс – халықты еңбекпен қамту. Бұл бағытта елімізде жаңа бағдарлама әзірленеді.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Мемлекет басшысы халықтың тұрмысын көтеру үшін жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын айқындады.
Облыста жұмыспен қамту мәселесі – билік алдында тұрған басты сұрақтардың бірі. Бұл мәселе облыста жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы шешілуі тиіс.

Тәуелсіздігіміздің зор жемісі – бүгінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғаспақ. Сөйтіп, 2020 жылға қарай қазақ тілін меңгерген отандастарымыз кем дегенде 95 пайызды құрамақ.

  Вера Гертер, Чистов орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, М.Жұмабаев ауданы:
Бұл тапсырманы орындау үшін біздің облыста бар жағдай жасалған.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл жүйені дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Алда бұдан да зор міндеттер тұр. Бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыру қажет. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айырықша назар аудару керек. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін – сапалы ауыз су мәселесін шешу шарт. Жолдау жүктеген міндеттердің бірі осы. 2011 жылы облысымызда су желілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуға 3,6 млрд. теңге бағытталмақ. Қысқасы, халықтың әл-ауқатын жақсарту – алдағы он жылға межеленген іс-қимыл жоспарының көздегені осы. Енді тек Жолдауда жүктелген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру қажет. Ал бұл үшін жағдай бар, мүмкіндік те мол. Ең бастысы “болашақтың іргесін бірге қалау” үшін ықылас-ниет  болуы керек дейді актив жиынына қатысушылар.  

Айымгүл Әбілева