ТКШ

Жарылған құбырларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 

 

 

Бар гәп су желісін жаңартуға бөлінген бюджеттік қаржының орынсыз жұмсалуында дейді қала прокурорлары. Тексеріс барысында бақылаушы орган өкілдері мердігер “Рүстем” фирмасының мемлекеттік сатып алуда бірқатар өрескел заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады. Жұмыс та талапқа сай орындалмаған. Жөндеу бригадасына  құбырларды жаңасына алмастыруға 130 млн. теңгеге жуық қаражат беріліпті. Бұл соманың қалған 2 млн теңгесі апат орын алған желтоқсанның 24-і күні фирманың атына аударылған. Қаржы мердігерге қабылдау актісін өткізбей тұрып төленген. Сондықтан прокурорлардың шешімімен 2 млн теңге мемлекеттік қазынаға қайтарылды. Ал Петропавл қалалық құрылыс бөлімі бастығының үстінен қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

 Жеңіс Ермұқанов