Қоғам

Солтүстікқазақстандықтардың тұрмысы жақсарды дейді мамандар

Өңір тұрғындарының жеке көлікпен қамтылуы 2 есе ұлғайды. Бүгінгі таңда 100 адамға шаққанда 13 автокөліктен келеді. Сондай-ақ облыс тұрғындарының ет, балық және теңіз өнімдерін көбірек қолдана бастағаны байқалған.

 

Телекоммуникация жүйесінің дамуы да жақсарды. Орташа есеппен алғанда, әр аудандағы 10 отбасының 9-ы телефонмен жабдықталған. Интернет жүйесін қолданушылардың қатары да қалыңдауда. Соңғы 5 жылдың ішінде олардың саны 40 мыңға жеткен.
Ең төмен күнкөріс деңгейінен аз жалақы алатын тұрғындардың үлесі 10 жылдың ішінде 17,8 пайызға төмендеген.

 Айдана Демесінова