Білім

«Асыл мұраға» – 10 жыл

 

 

 

 

 

Жаңа 21 ғасырдың басталған тұсында өмірге келген орталықтың мақсаты өткен ғасырлардың құндылықтарын тарих қойнауында қалдырмай, қоғамның рухани қажеттілігін өтеу болды. Өңірдің белгілі тұлғалары мен тарихтың белгісіз тұстары жайлы мәліметтерді тірнектеп жинап, тиісті қалыпта оқырманға жеткізіп жүрген орталық қызметкерлерінің әдебиетіміздің алтын қорына қосқан үлестері мойындауға тұрарлық.

  Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» шығармашылық орталығының жетекшісі:
-Кешегі кезде аты аңызға айналған Қожаберген жырау, Сегіз сері, Тоқсан би, Шал ақындардан бастап өшпес ізін қалдырған адамдар жөнінде көп еңбектер шықты.  

Бүгінгі жиынға елдің өткені мен сол жолда өзінің ізін қалдырған азаматтардың мұраларын жинақтап жүрген бүгінгі «Асыл мұраның» мүшелерін қадірлейтін қауым жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов өңір басшысының атынан грамоталар тапсырып, құттықтау сөз жолдады. Солтүстік өңірдегі әр мәдени, рухани шараның басы-қасында болып, өз білгендерін басқаларға мирас етіп жүрген Таңат Сүгірбаев, Қайролла Мұқанов, Социал Жұмабаев  сынды қадірлі азаматтар білген адамға таусылмайтын білімнің қазынасындай. «Асыл мұра»  ұжымында еңбек етіп, талай кітаптың өмірге келуіне септескен қазір арамызда жоқ, марқұм Ғалым Қадіралиннің бейнесі де облыс тұрғындарының есінде. Оны жиында сөз алған азаматтар да айтып жатты. Қазірдің өзінде 50 кітап, 300-ге жуық энциклопедиялық мақаланың авторлары ,бұйырса, әлі біршама бағалы еңбекті жарыққа шығармақ.

  Социал Жұмабаев, «Асыл мұра» шығармашылық орталығының мүшесі:
Жуырда ғана 1 кітапты баспаға дайындадым. Ол 19 ғасырдағы біздің облыстың тарихы, өмірі жайында жазылған. Қазір тілдер комитетімен біріге отырып қолға алғаным облыстың топономикалық энциклопедиясы.

Өздері әуелден азғана құрамды болса да қыруар еңбек тындырған ұжымды бүгінде күллі облыс пен республика біліп құрметтейді. Олардың қуанышына ортақтасуға келгендер түрлі шашуларын да ала келіпті. Бірақ «Асыл мұра» үшін басты сый еңбектерінің зая кетпей, оқырмандарын табуында. Әсіресе, жастар арасында.

  Наурызбай Хафизов, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:
ен осы орталықтың еңбектерін оқуға тырысамын. Олар тарихты біліп, зерттеп отырады. Осы адамдарға сәттілік тілеймін.

Жақында “Асыл мұра” орталығы солтүстікқазақстандықтарға бірден бірнеше жаңа кітаптар ұсынбақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы