Әр түрлі

Әуе қатынасы қалпына келеді

 

 

 

 

«Петропавл халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының президенті Виктор Шевелевтің хабарлауынша, бұдан былай әуе тасымалымен «Скат» компаниясы айналысатын болады. Билеттер кассаға   түсті, тек бағалары өзгерді. Елордаға ұшақпен жетем деушілерге 10-нан 19 мың теңгеге дейін қаражат қажет болады. Рейс аптасына 2 рет. Ал ақпанның 7-нен бастап аптасына 1 рет Алматыға қатынайтын ұшақ сапарға шығады. Билет құны 23- 36 мың теңге шамасында.   Әуежай ғимаратындағы жалпы зал, ұшып келу мен шығу залдары күрделі жөндеуден өтіп, жылыту жүйесі іске қосылды. Жолаушыларды тіркеуден өткізіп, тексеретін құрылғы да орнатылған.

 Кәусар Аяпбергенқызы