Kurultai banner mobile

Қоғам

Сайлаушылар тізімдері анықталуда

 

Қалалық әкімдік бұл жұмысқа еріктілер тобын тартқан. Сонымен қатар  Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторлары да тізімдерді нақтылау жұмыстарына жәрдем көрсетуде. Еріктілер әр мекен-жайға соғып, сайлаушылардың аты-жөні, туған күні, куәлігінің нөмірі мен мекенжайы сияқты ақпараттарды жазып алады. Алаяқтық-қылмыстық фактілердің алдын алу мақсатында еріктілерге мөр басылған арнайы құжаттар табыс етілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары өз сайлау учаскесін  қалалық әкімдіктегі ақпараттың орталыққа 46-98-90 нөмірі арқылы хабарласып, біле алады. Қаңтардың 1-іне қаладағы 87 сайлау учаскесінде 151 мың 861 сайлаушы тіркелген.

Нұржан Әшімбетов,  Петропавл қаласының әкімі
-Қазіргі уақытта қалаға көшіп келушілер мен керісінше көшіп кетушілердің қатары артып отыр.
Сондықтан, бізге облыс орталығындағы сайлаушылардың тізімін нақтылау керек. Әр азамат ақпанның бірінен қалалық әкімдіктің электрондық сайтында аты-жөні мен куәлігінің номірін теріп, өз учаскесін анықтай алады. Барлық қала тұрғындарынан, жеке пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларынан бұл істе көмек көрсетуді сұраймыз.


Гүлмира Шоқтыбаева