Денсаулық сақтау

«Үй докторы» көрмесі

 

 

 

 

 

 

 Елатом медициналық құрылғылар зауытының өнімдері Қазақстан нарығында жүргеніне 10 жылдың жүзі болып қалған. Сол уақыттан бері «Алмаг» және «Мавит» өнімдері өздерін тек жақсы қырынан көрсетіп келеді. Мәселен, «Алмаг» шорбуын, хондроз, варикоз  ауруларын емдейді. Ал «Мавит»  созылмалы простатитке қарсы жақсы құрал.

  Сергей Примаков, ҚР бойынша Елатом құралдар зауытының жергілікті өкілі:
-Оның көмегіне көбіне ер адамдар жүгінеді. Ол, әсіресе, жыныс мүшелеріне суық тиген кезде пайдалы.

Термотерапияға арналған  «Теплон» құрылғысы бірнеше дертпен күресетін көрінеді. Оны мұрын, құлақ сияқты мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Балалар ауырғанда да емдеуге қолайлы. Дәріханада тұтынушыға ем құралын дұрыс қолданудың барлық амал-тәсілдері түсіндіріледі.

  Сергей Примаков, ҚР бойынша Елатом құралдар зауытының жергілікті өкілі:
 – «Фея» аппараты тонзиллит, синусит, ринит, фронтит, тіпті кеңсірік ауруынан арылуға септесе алады. Ал «Магофон» – тыныс жолдары және ішек ауруларының алдын алу үшін қажетті құрал.

Шипасы мол құралдар көрмесі Пушкин көшесі, 69 мекенжайында орналасқан «Здравствуй» дәріханасында өтпек. Мұнда «Үй докторы» сериясынан бес аппарат қойылған. Олар өндірістен шыққан бағамен саудаланады. Аламын  деушілердің асыққандары абзал. Себебі бұндай жеңілдік тек 4 күндей ғана көрсетілмек.

Гүлден Сәрсенбаева