Спорт

Алаугерлер Азиада сайыстарын тегін тамашалайды

 

 

 



 Бахыт Кәрімов облысымыздағы 60 адамнан құралған алаугерлер тобының бір мүшесі. Ол отты 7-ші кезеңде көтеріп, қаламыздың ең басты Жамбыл көшесімен жүгіріп өткен. Құтқарушының айтуынша, эстафета кезінде оның кеудесін елі үшін үлкен мақтаныш сезімі кернеген. Бахыт аға Азияда ойындарында республика спортшыларынан ерен жетістіктер күтеді.

  Бахыт Кәрімов, Петропавлдағы 4-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
Алдағы Азияда ойындарына артатын үмітіміз зор. Спортшыларымыз еліміздің абыройын асқақтатады деп ойлаймын.

Еңбек жолын 1997 жылы 2-ші өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып бастаған Бахыт Кәрімов адал еңбегінің арқасында 4-ші өрт сөндіру жасағының бастығы дәрежесіне дейін көтерілген. Ұжымның ұйытқысы, жауапкершілігімен әріптестерінің сеніміне ие болды. Ол күнделікті қызметінен тыс спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған. Әсіресе үстел теннисі жанына жақын. Бахыт Кәрімовтың алау эстафетасына қатысуға жолдама алуы кездейсоқ  емес. Таяуда ол бастаған команда өрт сөндіру қызметкерлері арасында Саумалкөлде өткен облыстық спартакиададан І орынды еншілеп қайтқан. Алау эстафетасы есімде мәңгі қалатын, ұмытылмас оқиға дейді.

  Бахыт Кәрімов, Петропавлдағы 4-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
 – Мен тарихи оқиғаның бір мүшесі болғаныма қуаныштымын.
Оттықты өз қолыммен тұтаттым. Маған эстафетаға қатысу еш қиындық туғызған жоқ. Себебі өзім спортпен шұғылданамын.

Бахыт Кәрімов бірер күннен соң басталғалы тұрған жарыста жанкүйерлер қатарын толықтырмақ. Себебі облысымыздың барлық алаугерлері Азия ойындарына тегін билетке ие болған.

Гүлден Сәрсенбаева