Спорт

«Қызылжар» ФК жаңа маусымға дайындығын бастады

 

 

 

 

 

 

Жерлес футболшыларымыз жаңа маусымда өзгертілген құраммен сайысқа түсетін болады. Өйткені «Қызылжар» футбол клубының кей мүшелері өзге командаларға ауысып кетіпті. Әзірге дайындыққа 25 жасөспірімнің басы қосылған. Жаттықтырушылар алдағы уақытта өзге қалалардан спортшылар шақыруды көздеп отыр. Бұл ретте бастысы  – қаржы мәселесі.

Юрий Чухлеба, «Кызылжар» ФК бас жаттықтырушысы:
Кей спортшыларымыз өзге қалаларға байқауға қатысуға кетті. Владимир Никлевич пен Станислав Шуляк Көкшетауға, Ахметжан Ахметжанов Астанаға, Николай Соломин Өскемен қаласына бағын сынауға аттанды.

Самат Құсайынов футбол ойынына 8 жыл бұрын көңіл қойып, шындап әуестене бастапты. Ол 2 жылдан бері «Қызылжар» футбол клубының тұрақты мүшесі. Самат болашақ жарыстарда жақсы көрсеткіштерге ие болып, командамды алға сүйресем деп армандайды.

Самат Құсайынов:
Қазір біз жаңа сезонға дайындаламыз. Ақпанда, наурызда сбор болады. Әрбір ойында жеңіске жетуге тырысамыз. Және Қазақстанның әйгілі командасының бірі болу мақсатымыз.  

Демалыстан  күш-жігер жинап келген спортшылар үшін қыстың қаһары да әсер етпейтін сияқты. Алдағы жаңа маусымда биік белестерден көріну үшін кей күндері мұз айдынында да жаттыққан жөн деп есептейді. Бүгінде қызылжарлықтар Сочи, Ташкент қалаларында өтетін жарыстарға әзірленуде.

Айдана Демесінова