Қоғам

Референдумды қолдау форумы

 

 

 

Парламенттің қос палатасы Ата заңға өзгертулер енгізу туралы шаруаны тындырып жатқанда  бастамшыл топ халықпен бірлесіп, референдумды қолдау мәселесін тиянақтады. 232 мың қол жинап берген солтүстікқазақстандықтар референдум өткізуді қолдайтындарын бірден анық танытқан. Облыс орталығында ардагерлер, саяси партиялар филиалдары, этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері , депутаттар, жастар жиналып, референдумға үн қосты.

  Елена Виссарова, “Атамекен” ұлттық- экономикалық палатасының СҚ филиалының төрайымы:

– “Атамекеннің” құрамындағы барлық қауымдастықтар өздерінде референдумды қолдау шараларын өткізді. Бұл бастаманы бизнесмендердің өздері көтерді. Себебі, біз үшін Елбасы кәсіпкерлік класының дүниеге келуіне себепші болды.
  Тахир Гусейнов, әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы:

-Мен өз басым Елбасы өкілеттігін ұзарту туралы референдумды қолдаймын.  
 Бақытжан Сәмиева,  “Іскер әйелдер орталығы” ҚБ төрайымы:

-Үкіметтік емес ұйымдар Елбасының, бүгінгі басқарушы органның қолдауын ерекше сезінеді. Сондықтан да біз Елбасының өкілеттік мерзімін  ұзарту туралы бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдадық.


Елбасының өкілеттігін ұзарту үшін референдум  өткізу туралы бастаманы ел жастары бір адамдай қолдады. Қазақстанда білім алғысы келетін азаматтарға барлық жағдай жасалған. Жас мамандар да мемлекеттің айрықша қолдауына ие. Кейінгі толқын бұның барлығын Елбасының көреген саясатымен байланыстырады.

  Мирас Бектасов,  “Жас Отан” ЖҚ мүшесі:

ен болашаққа сеніммен қарай аламын. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында сапалы білім алып, болашақта жақсы қызметке орналасуыма жағдай жасалған.
  Темірлан Нысанбаев, жастар мәслихатының депутаты:

Біздің елімізде саяси тұрақтылық. Бұның барлығы Президенттің салиқалы саясатының арқасында. Біз жастар әрқашан Президентпен біргеміз.

Әр салада еңбек етіп, әр оқу орнында білім алып жатса да референдумды қолдауға арналған форумға қатысушылардың айтары бір, тілегі ортақ – сайлаусыз -ақ халық таңдаған, қалаған басшының өкілеттігін ұзарту.

Әсем Рахметова