Әр түрлі

Азиадаға арналған жаңа банкнота

  
2000 мыңдық құнды қағаздар аз көлемде шығарылған.  Дегенмен де ол сіздің қолыңызға тиіп қалса, қобалжудың еш қажеті жоқ.

 

Бұл ақшаның құны басқа екі мыңдықпен бірдей. Тек сыртқы бейнесімен ғана ерекшеленеді. Банкноттың ең басты өзгешелігін оның бет жағынан байқауға болады. Оның сол жақ төменгі бұрышында спарк элементі орналасқан.

  Ескендір Сүлейменов,  “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ маманы:
Спарк белгісі банкноттың бұрышын өзгерткен жағдайда жасылдан алтынға өзгереді. Сонымен қатар оның сыртында шаңғышы мен тау бейнеленген.

Жаңа ақшалар айналымға қаңтардың 17-нен шықпақ.
Келесі жағымды жаңалықтардың бірі ол – банкке әрдайым түсіп тұратын монеталар жиынтығы. Осы жолы нумизматтар назарына «Бұғылар. Әшекейлер» атауымен  жоғары саф

 күмістен құйылған тиындар ұсынылуда.

Ескендір Сүлейменов,  “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ маманы:
-Сонымен қатар біздің банкке ескерткіш монеталар келіп түсті.
Жалпы салмағы 31,1 грамм. Бұл 925 сынамды күмістен. Бағасы 6 600 теңге. Оның жалпы тиражы 5000.

Гүлден Сәрсенбаева