Денсаулық сақтау

Ақпанның ортасына дейін емхана мен дәрігерді таңдау қажет

 

 

 

 

 

№2 қалалық емхана дәліздері әдеттегідей адамдарға толы. Желтоқсанның 30-нан бастап олардың көбі емделуге емес, қайта тіркелу үшін келгендер. Бұл жұмыс 2 кезеңге бөлініп жүргізілуде. Биыл мекен-жайын, не төлқұжатын өзгерткен азаматтар 15 ақпанға дейін тиісті емханаға барып, өзін тіркеу жөнінде өтініш жазуы тиіс.

  Әлия Көсембаева, №2 қалалық емхана дәрігері:
Науқастар қалаған орнына тіркеледі. Біздің №2 емханадағыларға қайта тіркелу қажеті жоқ. Егер олар басқа дәрігерді қаласа, келіп өтініш жазуы тиіс.

15 ақпаннан 15-наурызға дейін тіркелгендер жайлы ақпараттар бірыңғай орталықтандырылған базаға енгізіледі. Аталмыш емдеу мекемесінде бүгінгі күні 54 545 адам есепте тұр. Ал мерзімінде  емхананың есебіне алынбағандар дәрігер қызметінен қағылуы да мүмкін.
 

Наталья Карх, №2 қалалық емхананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі:
-Жедел жәрдем әрқашан тегін қызмет көрсетеді.
Ал дәрігерге тексеріске не емделуге келгендер ақылы түрде қабылданады.

Қалаған дәрігерді таңдаудың оң-терісін бағамдау халықтың еншісінде. Әзірге олар бұл үрдістің тиімділігін баса айтуда.

 Тұрғындар:

Әрине,жақсы. Мен өзім осында  хирургты таңдадым. Бәрін сұрап, білуге болады.
Жақсы, қайда барғымыз келеді барамыз. Үкіметке рақмет сол үшін.

Азаматтарды тіркеу сағат таңғы 8-ден басталады. Өздері келе алмаған жағдайда жеке бас куәлігі мен мекенжайын дәлелдейтін құжатын беріп жіберуге болады.

Кәусар Аяпбергенқызы