7-қысқы Азия ойындарында 5 солтүстікқазақстандық Қазақстанның намысын қорғайды. Спортшылардың екеуі – нәзік жандар. Бұл қыздар үлкен сайысқа аттанар алдында ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта 2011 жылғы Азия ойындарына арнап ұйымдастырылған ашық сабақтың қонағы болды.
Татьяна Сокирко, коньки спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Қысқы Азия ойындарында еліміздің намысын қорғау басты мақсатымыз болған.
Татьяна Сокирко, коньки спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Қысқы Азия ойындарында еліміздің намысын қорғау басты мақсатымыз болған.
Қазақстан чемпионатында іріктеу жүргізілді. Көп жаттығудың арқасында ел құрамасында өнер көрсететін болдық.
Өткен аптада тағы бір жерлесіміздің Қазақстан құрамасына енгені анықталды. Елена Урванцеваның көпжылдық жаттығулары мен соңғы жарыстардағы жақсы нәтижелеріне қарағанда, мұны күтпеген жағдай деп айтуға болмайды. «Қатты қолбалжымаймын. Өйткені алда әлі 2 апта уақыт бар»,- дейді Елена.
Елена Урванцева, коньки спорты бойынша ҚР спорт шебері:
-Көп жаттығамыз, дайындаламыз. Жылдамдық пен техникаға аса көңіл бөлеміз. Жалпы, жаз бен көктемде жеткілікті шыныққанбыз деп ойлаймын.
Ендігі мақсат – қысқы Азия ойындарынан неғұрлым көбірек медальдар әкелу. Интернаттың акт залында тәрбиеленушілер өңір мақтаныштарын үлкен қошеметпен қарсы алды. Сахнада гимнастар мен каратэшілер өнер көрсетті. Сондай-ақ жиылғандар жас әншілердің өнеріне де қанықты.
Ризабек Кәкпенов, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекетеп-интернат директоры:
– Біз ұжымның атынан, балалардың атынан спортшыларге жеңіс тілейміз. Өте қуаныштымыз. Жақсы жеңіске жетеді деп сенім білдіреміз.
«Біздің де үміт артар жастарымыз бар»,- дейді Ризабек Кәкпенов. Интернат тәрбиеленушілері гір көтеру спортынан, шахматтан және футболдан өткен додаларда алдыңғы қатардан көрінуде.
Ризабек Кәкпенов, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекетеп-интернат директоры:
-Енді спорттың өзге де түрлері дамитын болады. Әсіресе, қысқы ойындар. Біздің интернатта мұз айдыны құйылды, жақсы сырғанақ бар. Балалар таза ауада көп уақыт өткізеді.
Айдана Демесінова