Спорт

“Ақшақар” спартакиадасы

 

 

 

 

 Дәстүрлі спартакиадада биыл 1-ші орын үшін 12 команда таласады. Олар – 11 ауданның және облыс орталығының спортшылары. Сайыс талаптарына сәйкес қатысушылардың жасы 16-17-ден аспауы тиіс. Төрешілер ойын сапасы мен спортшы қыздардың дайындығы жылдан-жылға жақсарып келеді дейді.

  Айбек Нұртазин, сайыс төрешісі:
Бұл жарыс оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналады. Балаларымыздың денсаулығы мықты болып. Елбасымыз өзінің жолдауында айтқан бұқаралық спортпен халықтың 30 пайызы айналысу керек деп. Соның негізінде өткізіліп жатыр.  

Шал ақын ауданынан келген команда ел деңгейіндегі додаларға белсенді қатысып тұрады. Бүгінгі сында жақсы ойын көрсеткен қыздардың бірі – Динара Сүлейменова. Бойжеткеннің шағын футболмен айналыса бастағанына 4 жыл болыпты. Динара 1-ші орын алатынына сенімді.

Динара Сүлейменова :
Жаңа 1 команданы ұтып шықтық. Команда жақсы негізі, бірақ біз ұтып шықтық. Шал ақын ауданы бірінші орын алсын деп, өзімізге сәттілік, жарысқа қатысушыларға да сәттілік тілеймін.  

Қаңтардың 16-сы ақтық сайыста үздіктер анықталады. Жеңімпаздар ақпанның 28-і –  наурыздың 6-сы аралығында Қостанай қаласында өтетін додаға жолдама алады.

Айдана Демесінова