Билік

Облыстық әкімдікте Азиаданың алау эстафетасына дайындық мәселелері талқыланды.

  

 

 

Қазақстандықтардың 7 қысқы Азия ойындарына артқан үміті мол. Спорттың 11 түрінен өтетін доданың бәйгесіне медальдардың  69 жиынтығы тігіліп отыр. Ел намысын қорғауға 5 солтүстікқазақстандық спортшы қатыспақшы. Ал қаңтардың 20-ы облысқа Азиада алауы жеткізіледі.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:

-Қаңтардың 21-і сағат 12-де Алау эстафетасының Петропавлдағы кезеңі басталады. Алаугерлер облыс орталығының басты көшелерімен өтеді. Сондықтан алда аса маңызды шаралар тұр. Жұмыс жоспары жасалған. Ел өмірі үшін елеуді эстафетаны жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Надежда Патюткина эстафетаға дайындық бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Алаугерлердің тізімдері бекітілген, олардың жүгіріп өтетін бағыттары да нақтыланған.

 Надежда Патюткина, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:

-Азиада алауы Қостанай қаласынан қаңтардың 20-сы сағат 20.15 минутта арнайы рейспен келеді. Петропавл әуежайында баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Алауды қала әкімі, демеушілер, Халық банкінің өкілдері қарсы алады.

Облысқа Азияда дирекциясының өкілдері, алауды қорғаушылар бар – жалпы саны 40 мейман келеді деп жоспарланған. Эстафетаға қорытынды дайындық  қаңтардың 18-не белгіленді.

 

Осы күні Петропавлдың  К.Сүтішев және Жамбыл көшелерінде  Азиада алауын қарсы алуға әзірлік шарасы өтті.   

 

 

 Эль-Кувейт қаласында жағылған 7-ші  қысқы Азия ойындарының алауы Қазақстан қалаларын аралап жүр. Қаңтардың 20-сында Петропавлға келіп, 21-інде эстафета облыс орталығының көшелері арқылы жүріп өтеді. Төрткүл әлем көз тіккен алау эстафетасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының шымылдығын ашып отыр. Сондықтан солтүстікқазақстандықтар маңызды шараға жан-жақты дайындалуда. Алаугерлердің арнайы киімдері иелеріне тапсырылды. Енді салтанатты шараны тиісті деңгейде өткізу міндеті тұр. Сондықтан алауды алып жүретін жерлестеріміздің басы қосылған жиында отты ұстап жүгіру, оны екінші адамға тапсыру тәртібі   түсіндірілуде. Кейін жерлестеріміз ауқымды дайындық барасында өздері оттықты ұстап, жүгіріп өтті.  Солтүстік Қазақстан облысында 2 кезеңде өтетін алау эфстафетасына 60 жерлесіміз қатысады. Алаугер ретінде облысымыз бен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар – белгілі спортшылар,   ұстаздар,  дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, басқа да танымал тұлғалар таңдалып алынған.

 Елена Парфенова:
-Бұл маңызды оқиға, өмірде бір-ақ рет болады, ел үшін маңызды.

Алауды  жоғары көтеріп алып өтетіндердің қатарында  облыстың Құрметті азаматы Жамбыл Тасеменов те бар. Мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, жүздеген спортшы-балуандарды қанаттандырған ардагер-ұстаз бүгін дайындық ретінде Кәрім Сүтішев көшесіндегі өзіне белгіленген аумақты жүгіріп өтті.  

Жамбыл Тасеменов , алаугер, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы:
-Азиада ойыны – елімізге мәртебе. Менің тілегім – осы Азиадаға қатысатын конкишілер, басқа да спортшылар жоғары табысқа жетсе, менің төбем көктен екі елі асып кетеді.
 
Әзірше  алаугерлер аздаған қателіктер кетіруде. Бірақ  негізгі шараға дейін бір апта уақыт бар. Сол күні алау эстафетасында жерлестеріміз  ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәтті бастама жасап, жеңіске рухтандыруы тиіс.

Әсем Рахметова, Гүлмира Шоқтыбаева