Мәдениет

«Забияки» Ресейден олжалы оралды

 

 

 

 

Сағат кешкі 6.30. Әдеттегідей дайындық жүріп жатыр. Алайда бүгін  «Забияки»  балалар ансамблінің жаңа нөмірлер әзірлеуге ынтасы жоқ. Өйткені балдырғандар бір-бірін марапаттарымен құттықтап, ұзақ сапардан алған әсерлерімен бөлісуде.

  Динара Мұқашева, «Забияки» балалар ансамблінің мүшесі:
 – Қатысушылар мықты болды. Дарынды жастар өз өнерлерін көрсете білді. Маған қатты ұнады.

Нұргүл Шитканова, «Забияки» балалар ансамблінің әншісі:

-Осылайша басқа қалаларда өтетін конкурстарға барып, бір- бірімізге жақындай түсеміз. Үйге келгенде балаларды сағынамын. Сапарда болған оқиғаларды еске аламын. Осынау үлкен сайысқа барғаныма қуаныштымын.
Дарья Колбасова, «Забияки» балалар ансамблінің әншісі
:
«Дождик» әнін айту қиынға соқты. Ал екіншісін айту оңай болды. Өйткені оны бұрын да айтып жүретінбіз.Менің ойымша, келесі жолы бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз

«Браво, дети! – Рождественские встречи – 2011» атты бүкілресейлік фестиваль-конкурс  Ресей мен Қазақстанның дарынды жасөспірімдерін   тоғыстырды. Мұнда Мәскеу, Санкт-Петербург, Татарстан, Башқұртстан, Чуваш  өнерпаздары  бағын сынады. Сайыс 200-ге жуық адам, 38 ансамбльдың басын қосты. «Забиякидің» мүшелері Бахтияр Бикенев пен Лёня Татьянкин үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Сол себепті балалар қатты қобалжыған көрінеді. Дегенмен әнді жақсы орындап шығыпты.

  Бахтияр Бикенев, “Забияки” балалар ансамблінің мүшесі:
-Біздің бағымыз жанды.
2-орын  – жақсы нәтиже. Қызықты болды. Көптеген жастармен таныстық.
Лёня Татьянкин
,  “Забияки” балалар ансамблінің мүшесі:
Маған қиын болды. Өйткені бірінші рет шетелдің сахнасына шықтым. Бірақ жақсы көрсеткішке ие болдық деп ойлаймын.

Алёна Фешина жеке ән шырқады. 17 жасар қыз 2 әнді ұсыныпты. Сөйтіп, 3-орынды жеңіп алды.

  Алёна Фешина, «Забияки» балалар ансамблінің мүшесі:
-Мен Алла Пугачеваның “Поднимись над суетой” әнін орындадым.
Жеңімпаздар қатарында боламын деп ойлаған да жоқпын.Мен үшін тосын сый. Ансамбль үшін қаттырақ қобалжыдым.

«Забияки» балалар ансамблі туған жерге күміс медальмен оралды. Бұл – жетістік болашақтағы жеңістерге зор ықпалын тигізетініне өнерлі жеткіншектер сенімді.

 Айдана Демесінова