Құқық қорғау органдары

«Жасөспірім» алдын алу шарасы басталды

  

 

 

 

Петропавл станциясының желілік ішкі істер бөлімі қаңтардың 12-сі мен 16-ы аралығында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу шарасын ұйымдастыруды көздеп отыр. Полицейлер осылайша келеңсіз жағдайларға тосқауыл қоймақшы.

Анар Мұқашева, Петропавл станциясының ЖІІБ учаскелік инспекторы:
 –  Жедел профилактикалық шараны өткізудегі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған, әке-шеше қарауынсыз қалған балаларды жөнге салу.
Алкогольді ішімдіктерді, есірткі және психотропты заттарды пайдаланатын жасөспірімдерді анықтау. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді, темекіні сатуға жол бермеу.