ТЖ

Ерлігі үшін марапатталды

  

 

 

 

2010 жылы қараша айының 13-і мамандандырылған күзет қызметінің полицейі, сержант Әрсен Рүстемов өртеніп жатқан үйден 6 адамды құтқарған болатын. Өрт сөндіру қызметкерлерін шақырып, лапылдаған жалынды ауыздықтауға да белсене қатысқан. Өжет  азаматтың бұл ерлік ісі ескерусіз қалмады. Батырлығымен көзге түскен азаматтың кеудесіне   “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” медалін  СҚО ТЖД бастығы Бахтияр Қадірханов тақты. Айта кету керек, Әрсен Рүстемов өткен жылдың соңында жанқиярлығы мен жақсы қызметі үшін ҚР ІІМ “Қоғамдық тәртіп бойынша жақсы қызметі үшін” медалімен марапатталған болатын.  

Гүлден Сәрсенбаева