Ауыл шаруашылығы

Аграрийлер арасындағы сауалнама

 

Сауалнама нәтижелері бойынша жауап берушілердің 26 пайызы 2010 жылдың соңғы тоқсаны табысты болғанын айтқан. Тек 5 пайызында ғана өндіріс көлемінің төмендегені байқалды. Сондай-ақ, кәсіпорын жетекшілерінің 90 пайызы техникамен жарақтандыру жақсарғанын алға тартқан. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің басым көпшілігі  өнімдерін өздері өткізуге қол жеткізген. Сонымен қатар мал өсіру, ет пен жұмыртқа өндіру көрсеткіштері артып келеді. Алайда сүт өндірісі қысқарып қалған. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың тек 8 пайызы ғана сүт өнімдерін бұрынғы мөлшерде  шығаруда. 22 пайызы өндіріс көлемінің төмендегенін айтады.

Гүлмира Шоқтыбаева