Әр түрлі

Зейнеткердің ермегі – моншақтан кесте тігу

Валентина Хованскаяның көп уақыт пен сабырлылықты қажет ететін өнердің бұл түрімен айналыса бастағанына не бары 1 жыл өтіпті. Алайда осы қысқа мерзімде 23 туындыны жасап үлгерген. Қолөнер шебері қолға әрең ілінетін ұсақ маржандарды кестеге тізу үшін қарапайым құрал-саймандарды қолданатынын айтады. Нәтиже жаман емес. Бұйымдары көздің жауын алады.

Валентина Хованская, қолөнер шебері:
Ине, жіп, түрлітүсті маржандар, арнайы мата қажет. Қию үшін қайшыны, сызу үшін қарындашты пайдаланамын.Суретке қарап отырып тігу үшін журналдарды қолданамын.

Арыстандар бейнеленген бұйым шебердің көз майын тауысқан алғашқы жұмысы. Бұл туындыны Валентина Хованская жан жарына сыйға тартыпты. Жалпы  зейнеткер өз жұмыстарын сатпайды, тек сыйға ғана береді екен.

Валентина Хованская, қолөнер шебері:
Тапсырма бойынша жұмыс істемеймін. Жұмыстарымды сатқым да келмейді. Туған туысқандарыма сыйға ұсынуды жөн деп санаймын.

Валентина Хованская алдағы уақытта Аққу мен гүлдерді үйлестіріп, көлемді туынды жасауды көздеп отыр. Ол жұмысының нұсқасын ойластырып та қойыпты.

Айдана Демесінова