ТЖ

Бір аптада 26 өрт

 

Екі қайғылы оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Облыс орталығындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен жапа шеккендерді аман алып қалу мүмкін болмады. Ғ.Мүсірепов ауданының Григорьевка елді мекені мен Петропавлдағы  Ахременко және 3-линия көшелерінде  тұрғындар өздері жедел әрекет етіп, әйтеуір адам шығыны болған жоқ.  Әсіресе  өткен аптада аудандық құтқарушылар дамыл таппады. Мамлют пен Мағжан Жұмабаев аудандарында тұрғын үйлер қызыл жалынға оранса, Тайынша қаласында азық-түлік дүкені жанып кетті. Ал Айыртау ауданындағы Жұмысшы елді-мекенінде тұрғындардың 18 тонна мал азығын от шалған. Сондай-ақ, қызыл жалын   көлік құралдарын да шарпыған. Союз көшесінің бойында гаражбен бірге Ауди-80 көлігінің күлі көкке ұшса, Ружейников көшесінде ВАЗ- 2217 жанған. Осы тектес фактілер Жамбыл және Тайынша аудандарында  тіркелді.  Қазір  осы оқиғалар бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Гүлмира Шоқтыбаева