Қоғам

Зейнетақылар мен жәрдемақылар өсті

  

 

 

 

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар таңертеңнен екінші деңгейлі банктерге келген. Зейнетақыларының көбейгенін естіген қарттарды енді ақшамыз қанша болады екен деген ой жатқызбапты. 36 жыл бойы Шалақын ауданына қарасты «Октябрь» совхозында жүргізуші қызметін абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан Болат Есмұқанов мұндай оң өзгерісті қуана қабылдады. Бұрындары 20 мың теңге алып келген қария, енді зейнетақысының әжептәуір өскенін айтады.

Болат Есмұқанов, зейнеткер:
Пенсияны уақытында аламыз. Қосып жатыр. Бұрынғыма 4700 теңге қосылды. Рақмет. Амандықсаулық болсын.

Жәрдемақының өскені жайлы хабар алған аналар да  банкке жетуге асығуда. Ольга Жуикова екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жолдасы қайтыс болыпты.  

Ольга Жуикова:
Мен бұрындары 10 600 теңге алып келдім. Енді ол жәрдемақы 9 пайызға өссе, жақсы болар еді.

Солтүстік Қазақстан облысында  90 мың зейнеткер бар. Оның 35 636-сы Петропавлда тұрады. Қаңтардың бірінен бастап зейнетақы 30, ал жәрдемақы 9 пайызға өсті. Осылайша біздің облысымызда көбейтілген зейнетақы мен жәрдемақы 2010 жылмен салыстырғанда 800 миллионға артып, 4 миллиард теңгені құрап отыр. Жалпы жаңа жылдан бастап елімізде, ең төменгі зейнетақы  – 24, орташасы  – 38, ал ең үлкені 42 мың теңгені құрамақ.

Гүлден Сәрсенбаева